Компания тарихы

Компания тарихы

AES – жаһанды энергетикалық компания, жылу мен энергияның сенімді жабдықтаушысы. AES инновациялар енгізу үшін әлемдік тәжірибені қолданады.

1981 жылы негізін қалаған ол әлемдегі жетекші компаниялардың бірі болып табылады. AES өндіруші компаниялары әлемнің 17 елінде, төрт құрлықта өз қызметін атқаруда. Жалпы қуаттылығы 30 000 МВт 37 электр станция жұмыс істеуде.

Сегіз үйлестіруші компания 12 млн. астам клиенттерге шамамен 35 ГВт*сағ энергия жеткізеді.   Шамамен 21 000 AES қызметкері әлемнің 17 елінде «Энергия – бұл біз» атты бір ұран астында қызмет атқарады да электр және жылу энергиясын әлем бойынша жүз миллионнан астам адамға жабдықтайды.

Қазақстандағы AES қызметінің тарихы

AES компаниясы 1996 жылы Екібастұз ГРЭС-ті сатып алып, 1997 жылы 4 ЖЭО-ны (Өскемен, Согра, Лениногорск, Семей) сатып алуға, Шығыс Қазақстан облысында Өскемен және Шүлбі СЭС-терге 20-жылдық концессия ұсынумен Алтай келісім-шартына қол қойып, өзінің қызметін бастады.    1998 жылы AES Өскемен Жылу жүйелерін 10 жылға басқаруға шартқа қол қойды. 1999 жылдың маусым айында AES Шығыс Қазақстан облысындағы Үйлестіруші Энергетикалық компанияны ( кейін «ШҚ АЭК» АҚ-ға бірікті) 15 жылғы мерзіммен өз басқаруына алды. 2001 жылы Майкөбен көмір кені сатып алынып, Семей ЖЭО өз басқаруына Семей қаласының қазандықтарын алды. 2002 жылдың күз айында компания Семей ЖЭО мен Лениногорск ЖЭО-ны жеке инвесторларға сатты. 2004 жылы «Электр энергетика туралы» Заңына сай «ШҚ АЭК» АҚ электр энергияны сату құрылымын бөлек шығарып, «Шығысэнерготрейд» ЖШС еншілес компаниясын құрды.

2008 жылы Екібастұз ГРЭС-1 және Майкөбен Вест Қазақмыс компаниясына сатылып, бір мезетте осы кәсіпорындарды басқаруға AES пен Қазақмыс арасында келісім-шарт жасалды. Сол жылы Өскемен Жылу жүйелерін басқаруға деген шарт тағы да 5 жылға ұзартылды (2013 жылдың мамыр айының соңына дейін).   2009 жылдың наурыз айында Екібастұз ГРЭС-1 мен Майкөбен Вест басқару шарттары тараптардың келісімі бойынша аяқталған болатын. 2012 жылдың мамыр айында «ШҚ АЭК» АҚ мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС сату компаниясына қатысты басқару шарты мерзімнен бұрын аяқталған болатын. 2013 жылдың маусым айында «Өскемен Жылу жүйелері» АҚ акцияларын сенімді басқару шарты аяқталып, бұл кәсіпорын Өскемен қаласы әкімдігінің басқаруына өтті.