Марапаттар

Қазақстандағы AES компаниялар тобының марапаттар тізімі

1. АЕS Қазақстан жас мамандарды қатыстыру, бейімдеу мен дамыту бағдарламасы корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибелерінің бірі болып танылып, «KEGOC» компаниясының жобасы шенінде жарық көрген іскерлік әдістемеге енген болатын. Қаңтар, 2014.

2. Қазақстандағы АES компаниялар тобы АРЕХ бағдарламасын үздіксіз жақсартуды ұстанғаны үшін  AES АРЕХ Award сыйына ие болды. Ақпан, 2014.

3.  Согра ЖЭО еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын ұстанғандығы үшін  «International Safety Award 2014 for the commitment to Health and Safety» Британ Кеңес сыйына ие болды. Наурыз, 2014.

4.  Өскемен ЖЭО қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс орнымен қамтамасыз еткені үшін, сонымен қатар Халықаралық Еңбекті қорғау күнін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хат алған болатын. Хат еңбек бойынша инспекция жетекшісі Б.Қизатовпен рәсімделді. Сәуір, 2014.

5. Согра ЖЭО қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс орнымен қамтамасыз еткені үшін, әрі кәсіпорындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, дамытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Хатқа қол қойған Қазақстан Республикасының бас еңбек инспекторы, комитет төрағасы Ақмади Әділұлы Сарбасов болатын. Сәуір,2014.

6. Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бойынша сайысқа қатысқаны үшін Еңбек Министрлігінің дипломдарымен марапатталған болатын.  Мамыр, 2014.

7. Өскемен ЖЭО мен Согра ЖЭО «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Парыз 2013 республикалық байқауына қатысқаны үшін қала Әкімі атынан алғыс хатпен марапатталды.  Мамыр, 2014.

8. Согра ЖЭО «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында корпоративті әлеуметтік жауапкершілік сайысына қатысқаны үшін аймақтық кәсіпкерлер палатасының мақтау қағазымен марапатталды. Мамыр, 2014.

9. «Иртыш Пауэр энд Лайт» ЖШС  «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында корпоративті әлеуметтік жауапкершілік сайысына қатысқаны үшін аймақтық кәсіпкерлер палатасы атынан мақтау қағазымен марапатталды.  Мамыр, 2014.

10. «Иртыш Пауэр энд Лайт» ЖШС «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында Парыз 2013 бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық сайысына қатысқаны үшін қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.    Мамыр, 2014.

11. Қазақстандағы AES компаниялар тобы ШҚО кәсіпкерлер палатасы атынан Қазақстандағы дуалды білім беру жүйесін ортақ енгізгені үшін алғыс хатпен марапатталды. Мамыр, 2014.

12. Қазақстандағы AES компаниялар тобы «Оқыту бойынша ең инновациялы жоба» үшін 2014 жылы Американ Кәсіпкерлер Палатасы атынан алғыс хатпен марапатталған болатын. Маусым, 2014.

13. Қазақстандағы AES компаниялар тобы Қазақстандағы АҚШ елшісі Майкл Клечески атынан Американ бұрышына қосқан үлесі үшін ( АҚШ елшілігі мен жергілікті кітапханалар арасындағы серіктестік)  алғыс хатпен марапатталды. Шілде, 2014.

14. AES Қазақстан Заң департаменті «Қазақстанның үздік заң департаменті»   сыйымен Қазақстан Заң Форумы атынан марапатталған болатын. Қыркүйек, 2014.

15. Қазақстанның табиғат пайдаланушылар қауымдастығы (КАПУР) Өскемен ЖЭО-ға тұрақты даму қағидаларын ұстанғаны үшін марапат табыстады. Қазан, 2014.

16. Аймақ деңгейіндегі кезекті АРЕХ конференциясы қорытындысы бойынша, оған 5 елден 10 жоба қатысқан болатын (Ұлыбритания, Болгария, Қазақстан, Нидерланды мен Иордания). Әсел Аяпова мен Вениамин Терских жетекшілігі астындағы «ЕРС жобасын сәтті атқаруға жол (Жобалау-Сатып алу-Құрылыс)» жобасы 3 орынға, «Көрермендер көзайымы» сыйына ие болды, ал екінші жоба «Жабдықтау қатары тиімділігін арттыру» «Үздік көпфункционалды әрекеттесу» номинациясында жеңіске жеткен болатын. Қазан, 2014.

17.  Өскемен СЭС және Шүлбі СЭС ҚТ саласындағы British Safety Award «Тану» номинациясында Қауіпсіздік бойынша Британ Кеңесінен халықаралық марпаттарға ие болды. Желтоқсан, 2014.

18. AES Корпорациясы 2015 жылы әлемде  Ethisphere ( үздік тәжірибелер, алдыңғы қатарлы идеялар мен көшбасшылық зерттеудің тәуелсіз орталығы) жүлдесіне ие болды. Ethisphere Institute (үздік тәжірибелер, алдыңғы қатарлы идеялар мен көшбасшылық зерттеудің тәуелсіз орталығы)  The World’s Most Ethical companies (Әлемнің Ең Этикалық Компаниялары) номинациясын бекітеді де ол тек бизнес жүргізудің бекітілген этикалық нормаларынан асып түскен кезде, олардың қызметкерлері күн сайын сөзбен емес іспен бизнес этика стандарттарын дәлелдеген кезде ғана береді.   2014 ж әлемнің түрлі елінен 144 компания ұсынылып, олар 41 өнеркәсіп саласынан болатын. AES корпорациясы бірінші рет марапатталған 21 компания қатарына енді.

19. Өскемен қаласының әкімі Өскемен ЖЭО-ға «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін» номинациясында Парыз-2014  республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі сайысына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады. Наурыз, 2015.

20. Өскемен қаласының әкімі Согра ЖЭО-ға Республикалық бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігі Парыз-2014 сайысында 2 номинацияда «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін» қатысқаны үшін , қызметкерлерді қолдауда әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мен қоршаған ортаны қорғауды жақсартқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Наурыз, 2015.

21. Өскемен СЭС қауіпсіздік техника мен еңбекті қорғау саласындағы халықаралық марапатқа ие болды -  RoSPA британ сыйы.  Күміс жүлде жақсы басқару жүйесіне негізделген үнемі жақсаруға әкелетін өндірістік көрсеткіштердің жоғары деңгейін көрсетеді. Сәуір, 2015.

22. «Кәсібі бойынша үздік» республикалық сайыстағы «Үздік электрик» номинациясында Серікқанов Қанат Еркенұлы – «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС гидроагрегат машинисі, басқарудың бас қалқан электржөндеушісі жеңген болатын. Қазан, 2015.

23. «Кәсібі бойынша үздік» аймақтық сайысқа облыстың отыз  кәсіпорын өкілдері қатысқан болатын. «Үздік дәнекерлеуші»  номинациясында жүлделі орындарға ие болған қызметкерлер:

-бірінші орынды  үшінші санатты  «Шүлбі СЭС» электргаздәнекерлеушісі Юрий Козырев иеленген  еді;

-үшінші орынды «Өскемен ЖЭО» электргаздәнекерлеушісі Константин Катунин;

- «Өскемен СЭС» электргаздәнкерлеушісі Виктор Кузнецов үздік ондықтың қатарына еніп, алғыс хатпен марапатталған болатын. 

«Үздік Электржөндеуші» атағына 23 адам үміткер еді.

-Үшінші орынды Мират Қайырлыев иеленді, ол «Шүлбі СЭС» релейлік қорғаныс, автоматика мен заманауи аналогтар аппаратураларын жөндеу бойынша электржөндеуші;

-  Өскемен гидростанция өкілі Ярослав Апонасенко – құрметті алтыншы орында.

«Кәсібі бойынша үздік» сайысына қатысқаны үшін облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен  «Өскемен ЖЭО» қызметкері -  Есдәулетов Нұржан мен «Согра ЖЭО» қызметкері - Николай Серов марапатталды. Қазан, 2015.

24. Мінсіз адал еңбегі мен жоғары кәсіби деңгейі үшін Өскемен қаласы әкімі Темірбек Қасымжановтан алғыс хатқа келесі қызметкерлер ие болды:

-Серік Байсаринов -   «Өскемен ЖЭО» шебері,

-Ермек Елеусізов – «Өскемен ЖЭО» отын-көлік цехінің вагонаудару машинисі,

-Геннадий Сергеев – өндірісті дайындау цехінің электргаздәнекерлеушісі,  

-Игорь Пашин – «Өскемен СЭС» аға кезекші инженері. Қазан, 2015.

25. Қазақстандағы AES компаниялар тобы оқу орындарының жоғары мүмкіндікті түлектерін шақырып, оларды дамыту, компанияда ұстап қалып, оларды жоғарылатуға бағытталған «АЕS – жастық энергиясы» бағдарламасы «Әлем» номинациясында бірінші дәрежелі марапатқа ие болды.  Бағдарлама шенінде жоғары компания жетекшілігін, НR- департамент қызметкерлерін, кәсіпорын ардагерлерін, тәжірибелі де білікті мамандарды қатыстырумен жастар үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыс атқарылған болатын.  Қараша, 2015.

26. Орталық Азия мен ТМД тұрақты энергетика бойынша форум қатысушысы сертификатына ие болдық. Қараша, 2015.

27. «Өскемен СЭС» және «Шүлбі СЭС» атқарушы директоры - Юлия Курий «Энергетикадағы әйелдер» кітабына енді, оған біздің еліміздің энергетика саласының  жетекші өкілдерінің деректері жазылған еді.  Бұдан басқа Юлия Анатольевна  «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен Қазақстан Ассоциация Төрағасының алғыс хатымен,  «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Президиум төрағасының – еліміздің энергетика саласының дамуына қосқан жеке үлесі үшін марапатталған болатын.  Желтоқсан,  2015.

28. Өскемен ЖЭО «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» номинациясында Парыз-2015 республикалық сайысының қатысушысы дипломына ие болды.

29. Қазақстандағы АЕS компаниялар тобы Өскемен қаласында Скейтбординг пен ВМХ бойынша Бірінші Республикалық Жарыстың өткізуін ұйымдастырудағы көмектері үшін "ТІМ В" Қоғамдық қоры атынан алғыс хат алған болатын. Маусым, 2016. 

30. Қазақстандағы AES компаниялар тобы АҚШ Тəуелсіздік күніне орай мерекелік іс- шараға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Кролдан алғыс хатқа ие болды. Шілде, 2016.

31. Қазақстандағы AES компаниялар тобы энергияны шоғырландыру жүйесі бойынша конференцияға қатысқаны үшін Назарбаев Университет пен Аккумуляторлар институты атынан алғыс хал алды. Тамыз, 2016 ж.

32. АЭС  Шүлбі СЭС қауіпсіздік техника мен еңбекті қорғау саласындағы халықаралық -RoSPA  британ сыйына ие болды. Тамыз 2016.

33. AES компаниясының Қазақстандағы тобы Орта Азия 2016 HR – бренд  сыйлығының аясында  «МИР» номинациясы бойынша 2 орынға ие болды. Қараша 2016.

34. «Өскемен ЖЭО» ЖШС 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» атағына жарияланған сайыста жеңімпаз атанды. Қараша, 2016.