«АЭС Өскемен СЭС» ЖШС

«АЭС Өскемен СЭС» ЖШС

Өскемен СЭС Ертіс СЭС каскадының бір бөлігі бола отырып, Бұқтырма СЭС қарсыреттеушісі рөлін атқарады. Станция ДнепргоГЭС үлгісі бойынша жобаланған. Негізгі қызметі – электр қуатын өндіру, Ертіс өзенінің су ағысын орнын толтыра реттеу.

Техникалық сипаттамалар

Агрегаттар саны - 4;

Орнатылған (жобалық) қуаттылығы- 331,2 мВт;

Қазіргі (нақты) қуаттылығы - 315 МВт.

Қызметкерлер саны – 114 адам

Атқарушы директор – Курий Юлия Анатольевна.

Кәсіпорын тарихы

1939 ж. – станция құрылысы басталды.

1952 ж. – Өскемен СЭС бірінші турбинасы іске қосылды.

1959 ж. – соңғы төртінші гидроагрегат іске қосылды.

1997 ж. – ӨСЭС AES компания концессиясына берілді.

2003 ж. – ГА-2 айырбасталды.

2006ж. – ТЗ А фазасы трансфарматоры ауыстырылды;

2011 ж. – №4 гидрогенератор статорын ауыстыру бойынша жоба аяқталды .

2013 ж. –қайта құрудан (гидрогенератор ауыстыру, діріл жүйесін ауыстыру, блокты басқарудың автоматты жүйесін орнату, оқшау мониторинг жүйесінің орнатылуы) соң №1 жаңартылған гидрогенератор іске қосылды..

2013 ж. –қайта құрудан (гидрогенератор ауыстыру, діріл жүйесін ауыстыру, блокты басқарудың автоматты жүйесін орнату, оқшау мониторинг жүйесінің орнатылуы) соң №3 жаңартылған гидрогенератор іске қосылды..

Жетістіктер

2013 жылы «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника саласындағы халықаралық байқауға қатысты, ол жыл сайын еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника саласындағы Британ Қауімдастығымен ұйымдастырылады. Қауымдастықтың 50-жылдан астам тарихы бар және қазіргі уақытта еңбекті қорғау, қауіпсіздік техника мен қоршаған орта бойынша әлемдегі ірі тәуелсіз компаниялардың бірі болып табылады. Күн сайынғы станция қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланып, Өскемен СЭС марапатқа ие болды.

Инвестициялар

Өскемен СЭС өз инвестициялық міндеттемелерін атқарады және негізгі жабдықтарды жаңарту мен қайта құру бойынша ұзақмерзімді бағдарламаны жоспарлы орындап келеді.

Өскемен СЭС инвестициялық бағдарламаны орындау негізгі және қосалқы жабдықтың беріктілігін арттыруға, гидротехникалық жабдық кешені беріктілігін нығайтуға бағытталған, сонымен қатар жұмыс өлшемдерінің лайықтысын таңдауды қамтамасыз етіп гидроагрегат жұмысы режимдерін басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ең ірі инвестициялық жобалар:

-2011-2013 жж. – №1 гидроагрегатты қайта құру мен жаңарту, оның барысында гидрогенератор толық ауыстырылды, блоктарды автоматты басқару жүйесі жасалды, гидроагрегатты діріл мониторинг жүйесі де қосылды. Жаңартылған №1 гидроагрегат 2013 жылы сәуір айында қолданысқа енгізілді.

-2013-2015 жж. - №3 гидроагрегатты қайта жаңарту жобасы, оның барысында гидрогенератор толықтай ауыстырылды, гидротурбинаның жұмыс дөңгелегі айрбасталып, қоздыру жүйесі жаңартылды, блокты автоматты басқару мен гидроагрегаттың діріл мониторинг жүйесі орнатылды. Жаңартылған № 3 гидроагрегат 2015 жылдың сәуір айында іске қосылды. Осы жобаны іске асыру гидроагрегат қуаттылығын 9 МВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік береді.

-2015-2017 жж - №3 гидроагрегатты қайта құру, оның барысында гидроагрегатты толық ауыстыру жоспарланып отыр, гидротурбина жұмыс дөңгелегін ауыстырып, қоздыру жүйесі жаңартылады, блокты автоматты басқару мен гидроагрегаттың діріл мониторинг жүйесі орнатылады. Қайта құрудан соң № 3 гидроагрегатты 2017 жылдың сәуір айында іске қосу жоспарланып отыр. Осы жобаны іске асыру гидроагрегат қуаттылығын 9 МВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік береді

Жоғарыда көрсетілген жобалардан басқа Өскемен СЭС инвестициялық қаражаттары ғимараттар мен құрылымдарының жөндеу жұмыстарына жұмсалады, 110 кВ ашық үйлестіру құрылғысын жөндеуге, гидромеханикалық жабдық пен басты трансформаторларды айырбастауға, өз қажеттіліктер үшін қосу сызбанұсқасын қайта құруға жұмсалатын болады.

«АЭС Өскемен СЭС » ЖШС сапа, экология, энергоменеджмент, кәсіби денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы интегралды Саясаты:

«АЭС Өскемен СЭС» (бұдан әрі - Кәсіпорын), энерготүрлендірші ұйым бола отырып, электр энергияны жеткізілімінің келісім-шарты бойынша, сапалы да қауіпсіз электр энергияны өндіруді іске асыру үшін, сенімді де үздіксіз міндеттемелерін орындайды.

Кәсіпорынның басым мақсаты болып, жоғары үнемділік пен өндірістің сенімділігі арқылы, біздің электр энергиямызды сатып алушылардың қанағаттануын арттыру, жұмысты қауіпсіз орындау, қызметкерлер мен басқа құзыретті тараптардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді жою, сондай-ақ, қолайлы қоршаған ортаны сақтау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Кәсіпорында Интеграцияланған менеджмент жүйесі (бұдан әрі - ИМЖ) әрдайым әрекетте болып, үнемі кемелдендірілуде, ол Қазақстан Республикасының қолданатын заңнамалық актардың талап, ISO OHSAS  стандарттар негізіңде құрылған,  денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экология және энергоменеджмент саласында Кәсіпорынның қызметін мінсіздендірудің  құралы болып табылады.

 АЕS корпорациясының корпоротивті саясат қағидаларын ескере отырып, компания жұмысының нәтижелері үшін электр энергия сатып алушылары, компания қызметкерлері мен басқа да құзыретті тараптардың алдында жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, Жоғарғы басшылык ИМЖ салаларында өзіне келесі міндеттемелерді алады:

- Ең маңыздысы біздің қызметкерлер мен мердігерлеріміздің жарақатарды және денсауылықтың аздырдарды алдын алу, Кәсіпорынның бар қызметі кезінде үнемі жақсарту және қоршаған ортаны салтақтануды алдын алу, энергоресурстің тиімді игерушілтіру;

- Біздің кәсіпорын жетістіктерінің негізі Тұтынушыларымызбен арамыздағы ұзақ сенімді қарым-қатынастарды орнату және сақтау болып саналатындықтан келісімдік міндеттемелерді сақтау, жылу және электр энергиясының сенімді жеткізіп берушісі болу;

- Қазақстан Республикасының қолданатын заңнамаларын, менеджмент жөніндегі ISO, OHSAS  халықаралық стандарттары және AES Корпорациясы стандарттарының талаптарын сақтау;

- Үздіксіз оқыту үрдісін, әр қызметкердің құзіреті мен жалпы мәдениетін жоғарылату үрдісін ұйымдастыру, ішкі және сыртқы тұтынушылардың алдында өз қызметінің сапасына, экология жағдайына, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтуға, энергия үнемдеу және энергия тиімділігінің жауапкершілігін сезіну;

- Үнемі экологиялық менеджментін және экологиялық көрсеткіштеріді, энергоменеджменті жақсарту, сапа менеджменті, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықты сақтау менеджмент жүйе нәтижелілігін үнемі арттыруға талпыну;

- Жобалау саласында үнемі жақсартуларға жетелеп отыратын және энергетикалық сипаттамасы жақсартылған құрылғыларды сатып алуға бағытталған энергоресурстарды тиімді пайдалану бойынша біздің қызметімізге жедел сараптаулар мен энергожобалау жүргізіп отыру;

- Сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу  саласындағы талаптар мен нормаларымен мердігер ұйымдардың өкілдерін таныстыру және олардың мүлтіксіз сақталуын талап ету;

- ISO, OHSAS стандарттарының талаптары бойынша сапалы менеджмент саласындағы кәсіпорын қызметі туралы қызметкерлер мен қоғам алдында ашық сөйлесу.

Өз жұмысын орындаған кезде Кәсіпорынның, сондай-ақ мердігер ұйымның әрбір жеке қызметкері, өзінің меншік қауіпсіздігі сияқты әріптестері мен тұрғындардың да қауіпсіздігіне жауапты, сонымен қатар қоршаған ортаның ластауын алдын-алуға жауапты.  Осыған орай, әр қызметкер, оған тең мердігер ұйым өкілі қауіпсіз емес жұмысты тоқтатуға құқылы ғана емес, ол оны тоқтатуға міндетті. 

Кәсіпорынның жоғары басшылығы аталған Саясатты барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттеме алады, ал әрбір қызметкер өз құзіреті аясында оны іске асыруға жеке жауап береді.


Байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасы,

Шығыс Қазақстан облысы,

070001, Өскемен қаласы,

Аблакетка кенті

Қабылдау: 8 (7232) 56-10-40,

Факс: 8 (7232) 29-45-65


Тізімге қайта оралу