«АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС

«АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС

Шүлбі СЭС Семей қаласынан 70 км қашықтықта орналасып, Ертіс каскадында үшінші станция болып табылады және орнатылған қуаттылығы бойынша Қазақстандағы ең ірі станция.

Техникалық сипаттамалар

Агрегаттар саны - 6;

Орнатылған (жобалық) қуаттылық - 702 МВт;

Қазіргі (нақты) қуаттылық - 702 МВт.

Қызметкерлер саны – 140 адам.

Атқарушы директор – Курий Юлия Анатольевна.

Кәсіпорын тарихы

1976 ж. – гидроэлектр станция құрылысы басталды.

1987 ж. – бірінші гидроагрегат іске қосылды.

1994 ж. –соңғы алтыншы гидроагрегат іске қосылды.

1997 ж. – Шүлбі СЭС AES компания концессиясына берілді.

2009 ж. – өндірістік белгілерді жөндеу басталды.

2012 ж. – №1 гидроагрегат күрделі жөндеу жұмысы аяқталды;

2012 ж. – машина залы, қызметтік-өндірістік корпус жөндеуі аяқталды;

2013 ж. – СЭС ғимарат сырты жөнделді.

Жетістіктер

«АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника саласындағы халықаралық байқауға қатысты, ол жыл сайын еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника саласындағы Британ Қауімдастығымен ұйымдастырылады. Қауымдастықтың 50-жылдан астам тарихы бар және қазіргі уақытта еңбекті қорғау, қауіпсіздік техника мен қоршаған орта бойынша әлемдегі ірі тәуелсіз компаниялардың бірі болып табылады. Күн сайынғы станция қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланып, Шүлбі СЭС марапатқа ие болды.

Инвестициялар

Шүлбі СЭС өз инвестициялық міндеттемелерін атқарады және негізгі жабдықтарды жаңарту мен қайта құру бойынша ұзақмерзімді бағдарламаны жоспарлы орындап келеді.

Шүлбі СЭС инвестициялық бағдарламаны орындау негізгі және қосалқы жабдықтың беріктілігін арттыруға, гидротехникалық жабдық кешені беріктілігін нығайтуға бағытталған, сонымен қатар жұмыс өлшемдерінің лайықтысын таңдауды қамтамасыз етіп гидроагрегат жұмысы режимдерін басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.

Осылайша, 2010 жылы СЭС машина залы жөндеу мен қайта құру жобасы аяқталды, ол екі кезеңнен тұрған болатын: машина залы құрылысын аяқтау және төмеңгі бьеф сыртын шынымен қаптау.

2012 жылдың желтоқсан айында №1 гидрогаргегаттың кұрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Осы жөндеудің ерекшелігі оған қоса технологиялық үрдістерді автоматты басқару жүйесін қайта құру және оқшау мониторинг жүйесін жаңарту жүргізілген болатын.

Экологиялық қызмет соңғы жылдары батырылған екі сораптық станцияларды су бетіне шығарып, жою жобасымен ұсынылып отыр, әрі майланған ағымдарды қайта құру жобасы да осыған кіреді. Бұдан басқа ағынды сулардыгидрокүш базасы аумағынан жинау үшін, одан кейін тазарту үшін кәріз құрылысы жоспарланып отыр. 2012 жыл шенінде жабдық жеткізілді, 2013 жылы аумақты көркейту бойынша жоба мен іс-шаралар іске асырылды.

Шүлбі СЭС инвестициялары 2013 жылы келесі жобаларға бағытталған болатын:

•    Күрделі құрылыс, оған СЭС ғимаратын жөндеу, өндірістік белгілер мен өрт депосын салу кіреді;

•    Гидромеханикалық жабдықты күрделі жөндеу, оған қосу №2 трансформатор мен ашық 220кВ үйлестіру қондырғысының ажыратқыштарын жөндеу де кіреді;

•    Жабдықты жаңарту: генераторлық ажыратқыштарды айырбастау , генераторларды қоздыру жүйесін ауыстыру, диагностика, бақылау және технологиялық үрдістерді автоматты басқару жүйесін енгізу.

«АЭС Шүлбі СЭС » ЖШС сапа, экология, энергоменеджмент, кәсіби денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы интегралды Саясаты:

«АЭС Өскемен СЭС» (бұдан р. - Кәсіпорын), энерготүрлендірші ұйым бола отырып, электр энергияны жеткізілімінің келісім-шарты буйна, сапалы да қауіпсіз электр энергияны өндіруді іске асыру үшін, сенімді де үздіксіз міндеттемелерін орындайды.

Кәсіпорынның басым мақсаты болып, жоғары үнемділік пен өндірістің сенімділігі арқылы, біздің электр энергиямызды сатып алушылардың қанағаттануын арттыру, жұмысты қауіпсіз орындау, қызметкерлер мен басқа құзыретті тараптардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді жою, сондай-ақ, қолайлы қоршаған ортаны сақтау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Кәсіпорында Интеграцияланған менеджмент жүйесі (бұдан р. - ИМЖ) әрдайым әрекетте болып, үнемі кемелдендірілуде, ол Қазақстан Республикасының қолданатын заңнамалық актардың талап, ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001, ISO 50000 стандарттар негізіңде құрылған,  денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экология және энергоменеджмент саласында Кәсіпорынның қызметін мінсіздендірудің  құралы болып табылады.

 АЕS корпорациясының корпоротивті саясат қағидаларын ескере отырып, компания жұмысының нәтижелері үшін электр энергия сатып алушылары, компания қызметкерлері мен басқа да құзыретті тараптардың алдында жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, Жоғарғы басшылык ИМЖ салаларында өзіне келесі міндеттемелерді алады:

- Ең маңыздысы біздің қызметкерлер мен мердігерлеріміздің жарақатарды және денсауылықтың аздырдарды алдын алу, Кәсіпорынның бар қызметі кезінде үнемі жақсарту және қоршаған ортаны салтақтануды алдын алу, энергоресурстің тиімді игерушілтіру;

- Біздің кәсіпорын жетістіктерінің негізі Тұтынушыларымызбен арамыздағы ұзақ сенімді қарым-қатынастарды орнату және сақтау болып саналатындықтан келісімдік міндеттемелерді сақтау, жылу және электр энергиясының сенімді жеткізіп берушісі болу;

- Қазақстан Республикасының қолданатын заңнамаларын, менеджмент жөніндегі ISO, OHSAS  халықаралық стандарттары және AES Корпорациясы стандарттарының талаптарын сақтау;

- Үздіксіз оқыту үрдісін, әр қызметкердің құзіреті мен жалпы мәдениетін жоғарылату үрдісін ұйымдастыру, ішкі және сыртқы тұтынушылардың алдында өз қызметінің сапасына, экология жағдайына, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтуға, энергия үнемдеу және энергия тиімділігінің жауапкершілігін сезіну;

- Үнемі экологиялық менеджментін және экологиялық көрсеткіштеріді, энергоменеджменті жақсарту, сапа менеджменті, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықты сақтау менеджмент жүйе нәтижелілігін үнемі арттыруға талпыну;

- Жобалау саласында үнемі жақсартуларға жетелеп отыратын және энергетикалық сипаттамасы жақсартылған құрылғыларды сатып алуға бағытталған энергоресурстарды тиімді пайдалану бойынша біздің қызметімізге жедел сараптаулар мен энергожобалау жүргізіп отыру;

- Сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия үнемдеу  саласындағы талаптар мен нормаларымен мердігер ұйымдардың өкілдерін таныстыру және олардың мүлтіксіз сақталуын талап ету;

- ISO, OHSAS стандарттарының талаптары бойынша сапалы менеджмент саласындағы кәсіпорын қызметі туралы қызметкерлер мен қоғам алдында ашық сөйлесу.

Өз жұмысын орындаған кезде Кәсіпорынның, сондай-ақ мердігер ұйымның әрбір жеке қызметкері, өзінің меншік қауіпсіздігі сияқты әріптестері мен тұрғындардың да қауіпсіздігіне жауапты, сонымен қатар қоршаған ортаның ластауын алдын-алуға жауапты.  Осыған орай, әр қызметкер, оған тең мердігер ұйым өкілі қауіпсіз емес жұмысты тоқтатуға құқылы ғана емес, ол оны тоқтатуға міндетті. 

Кәсіпорынның жоғары басшылығы аталған Саясатты барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттеме алады, ал әрбір қызметкер өз құзіреті аясында оны іске асыруға жеке жауап береді.

Байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасы,

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы, Шүлбі кенті

Тел. 8 (72257) 6-17-55, факс 6-14-33

8 (72353) 6 2002, факс 6 2003


Тізімге қайта оралу