GIZ және AES ортақ жобасы

   

Шығыс Қазақстанның Еңбек қауіпсіздігін және энергиялық тиімділігін тұрақты дамыту жөніндегі өңірлік жоба

Өзекті мәселелер: әлеуметтік институттарды нығайту мен білімді тарату

Қазақстан экономиканың әр түрлі секторларындағы энергиялық тиімділікті арттыртуға бағытталған, жуықта қабылданған қазақстандық Энергиялық тиімділік – 2020 бағдарламасында бекітілген, жасыл экономикаға көшу ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыруға кірісті. Шығыс Қазақстандағы металлургиялық және тау-кен өндірісінің үздіксіз дамуы осы салада жұмыс жасап жатқан адамдардың қауіпсіздігі үшін тренингтер өткізуді және қауіпсіздік стандарттарын үнемі арттырып отыруды талап етеді.

Элетр қуатын және жылу энергиясын өндіруге байланысты кәсіби білім мен қауіпсіздік саласында тәжірибенің жетіспеушілігінен, жаңа технологиялар мен басқа да техникалық сұрақтарға жауап таба алмау салдарынан жергілікті білім беру мекемелерін біліммен нығайту қажеттілігі туындап отыр. Осы мәселені шешу үшін жасыл және тұрақты экономикаға ауысу қозғалысының көшбасшысы бола алатын, энергиялық тиімділік бойынша стратегияны тиімді жүзеге асыруға үлесін қосатын, жаңа технологияларды жетік меңгерген қызметкерлер қажет.

Біздің серіктестеріміз:

«Шығыс Қазақстанда Еңбек қауіпсіздігін тұрақты дамыту және энергиялық тиімділік қағидаларын үйрету бойынша өңірлік жобаны» дамыту бойынша AES Kilroot Power Ltd. қалыптастырылған серіктестік қатынастары Германияның (BMZ) Экономикалық серіктестік және даму Федералдық министрлігінің атынан Халықаралық серіктестіктің Германиялық қоғамымен бірлесе енгізілген даму бойынша бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

AES Корпорациясы 18 елде электр энергетикалық кәсіпорындардың диверсифицацияланған және даму үстіндегі портфелін басқарып отыр. Қазақстандағы AES компаниясының тобы Қазақстанның шығысында орналасқан еншілес кәсіпорын болып табылады. Оның құрамына төрт электр энергетикалық кәсіпорын кіреді: «AES Шүлбі СЭС» ЖШС, «АЕS Өскемен СЭС» ЖШС, «АЕS Өскемен ЖЭО» ЖШС, «АЭС Согра ЖЭО» ЖШС.

AES компаниясының Қазақстанға қосқан үлесі

  • Жобаның үйлестірушісін тағайындау және бекіту
  • Қажетті кеңсе техникасымен жабдықталған кеңсе ұсыну
  • Семинарлар, кездесулер, тренингтер ұйымдастыру
  • Компанияның жабдықтары мен материалдарына рұқсат беру
  • Әлеуетті арттыру бойынша шаралар
  • Ноу-хау енгізу
  • Жобаны жалпы іске асыру

GIZ үлесі

  • Жобаның үйлестірушісін тағайындау
  • Серіктестікті басқару, мониторинг және бғалау бойынша техникалық кеңестер
  • Қысқа мерзімді зерттеулер үшін кеңесшілер мен сарапшыларды ұсыну
  • Әлеуетті арттыру бойынша шаралар

Стратегия және ілеспелі іс-шаралар

Жобаның мақсаты: Қазақстанның электр энергетикасы, тау-кен өндіру, металлургия салаларының қажеттіліктеріне сәйкес энергиялық тиімділік және жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша техникалық персоналдың біліктілігін және түлектерді оқыту сапасын арттыру.

Жоба AES қызметкерлеріне, оқытушыларға және электр энергетикасы, тау-кен өндіру, металлургия салаларының жұмысшыларына, мердігер ұйымдарға, муниципалитет пен жергілікті билік органдарының қызметкерлеріне, Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің (ШҚМТУ) және Өскемен политехникалық колледжі (ӨПК) инженерия факультетінің оқытушылары мен түлектеріне зор пайдасын тигізеді.

Жоба аясындағы қызмет тиісті құзырлық пен біліктілік, ноу-хау, энергиялық тиімділік пен жұмыс орнындағы қауіпсіздік саласындағы қоғамдық білімді арттыру сияқты бірқатар өзекті мәселелерді шоғырландырады. Жобаны іске асыру екі бөлімнен тұрады: теориялық және тәжірибелік. Жобаның теориялық бөлігі дайындық кезеңінен тұрады: ол қажеттіліктерді, еңбек қауіпсіздігі деңгейін, сондай-ақ, энергиялық тиімділік бойынша оқыту бағдарламаларын және бағалаудан және қазіргі жағдайға талдау жасауды қамтиды. Бұдан басқа бағдарламаның кейбір қатысушыларына сарапшылардың қатысуымен семинарлар, оқытушыларға таныстыру мақсатындағы тренинг-сапарлар ұйымдастырылады. Бұдан арғы бағдарламаның жаңаруы, жұмыс орнындағы қауіпсіздік және энергиялық тиімділік бойынша семинарлар өткізу мен оқытулар жүргізу жобаның тәжірибелік бөлігіне енеді. Желілік өзара әрекет ету мен қатысушылармен өтетін дөңгелек үстелдер жобаны іске асыруды байытады және үздіксіз жетілдіруге зор мүмкіндіктер ашады.

Жобаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген модуль мен оқыту бағдарламасы Қазақстандағы AES Корпоративтік оқыту орталығының ағымдық білім беру бағдарламасы мен Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті және Политехникалық колледждің инженерлік бағыттағы еңбек қауіпсіздігі мен энергиялық тиімділік бойынша оқыту бағдарламасына енеді.

Сондай-ақ, энергиялық тиімділік пен энергетикалық қауіпсіздік бойынша бағдарламалардың қолданыстағы стандарттарын түрлендіру жөніндегі ұсыныстар Білім беру Министрлігіне бекітуге ұсынылады.

Серіктестер үшін өзектілігі

Қазақстанда орналасқан AES компанияларында қауіпсіздікке қойылатын талаптар жергілікті заңнамалардағы қауіпсіздікке қойылатын талаптардан әлдеқайда жоғары. Сондықтан жергілікті нарықта AES стандарттарына сәйкес жұмыс жасай алатын біліктілігі жоғары мамандарды табу күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Қазақстандағы AES компанияларының тобы операциялық үрдісті үздіксіз жетілдіру үшін кәсіби мамандарды тартуға қызығушылық танытып отыр. Осыған байланысты білім беру бағдарламаларын жаңарту, адамдарды оқыту және техникалық сараптамалар жүргізу өзекті мәселе болып табылады. Қазақстандағы AES өңірлік экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін ірі инвестициялық бағдарламаны іске асыруда. Адамдардың қауіпсіздік бойынша білімдері мен біліктіліктерінің дамуы, электр энергиясын тиімді пайдалануы, қауіпсіздік және энегрия үнемдеу бойынша бағдарламаларды пайдалануы, энергиялық тиімділікті арттыру бойынша кәсіпкерлік сектор бастамасының дамуы өңірдегі қуаттылық тапшылығын азайтуға, көмір электр станцияларының қуатын пайдалануды оңтайландыруға, қоршаған ортаны сауықтыруға, өңірлік экономиканың тұтастай алғандағы дамуына зор ықпалын тигізеді.

Күтілетін нәтиже

AES қызметкерлеріне, оқытушыларға және электр энергетикасы, тау-кен өндіру, металлургия салаларының жұмысшыларына, сонымен қатар, мердігерлік ұйымдарға жоспарланған барлық тренингтер мен семинарлардың өткізілуі жергілікті экономиканың барлық сегменттерінде техникалық білім мен біліктілікті арттыруға үлесін тигізеді деп сенеміз.

Энергияны үнемдеу мен еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту модульдері қосымша оқуларды меңгерген оқытушылар арқылы ШҚМТУ мен ӨПК-нің ағымдық оқу бағдарламаларына енгізіледі.

Біз Білім және Ғылым министрлігі үшін Шығыс Қазақстан облысында ғана емес, тұтастай елімізге пайдасын тигізетін қолданыстағы қауіпсіздік және энергияны үнемдеу стандарттарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс әзірлейміз.

МАҚСАТ: Қазақстандағы электр энергетикасы, тау-кен өндіру, металлургиялық өндірістің қажеттіліктеріне сәйкес энергиялық тиімділік пен жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша білім сапасы мен техникалық персоналдың біліктілігін арттыру.

СЕРІКТЕСТЕР: AES және GIZ

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: ШҚМТУ студенттері мен оқытушылары, AES оқытушылары, Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік секторы.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ: 2015 ж. Сәуір – 2017 ж. Қазан.

Байланыс

Deutsche Gesellschaft für
Internationale Zusammenarbeit (GIZ) GmbH
Constanze Majer
T +49 (0) 61 96 79 - 2850
E constanze.majer@giz.de
I www.develoPPP.de
  
AES Kilroot Power Limited
Madelka McCalla
Kilroot Power Station, Larne Road, Carrickfergus, County Antrim,
BT38 7LX
UK / Northem Ireland
E madelka.maccalla@AES.com  

A project of
Implemented by
On behalf of Federal Ministry for Economic Cooperation and Development (BMZ)
Division Economic and Social Development