Компания жетекшілігі

Компания жетекшілігі

Мерғалиев Дүйсен Әрмияұлы

Қазақстан бойынша AES корпорациясының вице-президенті, Энергия өндіруші кәсіпорындар кешенінің жетекшісі

Мерғалиев Дүйсен Әрмияұлы

Қазақстан бойынша AES корпорациясының вице-президенті, Энергия өндіруші кәсіпорындар кешенінің жетекшісі

Мерғалиев Дүйсен Әрмияұлы Дүйсен Әрмияұлы Мерғалиев 1969 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келді. 1992 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша аяқтады.
Дүйсен Мерғалиев 1996 жылы AES компаниясының құрамына кірген ЕкібастұзГРЭС-1 кәсіпорнында жұмыс істеді. Құрылысшы-инженер, техникалық директор және Екібастұздағы (Қазақстан) AES-Great Britain филиалының басшысы қызметтерін атқарды.
2001-2002 жылдар аралығында AES Gener Чили кәсіпорнында қызмет етті. 2002-2005 жылдары – AES Катардағы бөлімшесінің бірінде электр станциясының құрылысында жұмыс істеді.
2009-2010 жылдар аралығында Өскемен ЖЭО бас директоры лауазымында қызмет етті.
Сосын бір жыл «Роллс-Ройс» Алматыдағы өкілдігінің «Мұнай және газ» дивизионының бас директоры болып жұмыс істеді.
2011 жылы Украинадағы ірі вертикал-біріктірілген энергетикалық ДТЭК компаниясында қызметін жалғастырды, мұнда он жылу электр станциясының жұмысын басқарды. Оның басқаруында пайдалану, энергетикалық құралдарды жөндеу, отынмен қамту, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 14 мыңнан астам қызметкердің еңбегін қорғау үрдістері болды.
2007-2008 жылы Алматы қ. Халықаралық бизнес университетінде МВА бағдарламасы бойынша оқыды және 2013-2014 жылы Киев-Магилян Академиясында МВА курсынан өтті.
2015 жылдың қыркүйегінде AES компаниясының Қазақстандағы тобына энергия өндіруші бизнестер президентінің лауазымына келді. 2016 жылдың 1 шілдесінен - AES компаниясы Қазақстандағы тобының президенті.

Курий Юлия Анатольевна

«АЭС Өскемен СЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС атқарушы директоры

Курий Юлия Анатольевна

«АЭС Өскемен СЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС атқарушы директоры

Курий Юлия Анатольевна

1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, 2010 жылы Қазақстан-Американ Еркін Университетінде Іскерлік Әкімшілік Магистрі (МВА) дәрежесін иеленді.

Еңбек жолы барысында ШҚО бойынша баға және антимонопольді саясат Комитетінде, «Суарнасы» КМК-да жұмыс істеді.

AES-те өз еңбек жолын Қазақстандағы АЕС реттелуші бизнестерінің ( «ШҚ АЭК» АҚ, «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «Өскемен ЖЖ» АҚ, «АЭС Согра ЖЭО» ЖШС, «АЕS Өскемен ЖЭО» АҚ) тарифтік тобында заңкеңесшісінен бастады. Одан кейін Қазақстандағы АЕS реттелуші компаниялар тобында тәуекелдерді басқару бойынша менеджер лауазымын алды, одан кейін Қазақстандағы АЕS компаниялар тобының реттеу мәселелері бойынша директор болып тағайындалды.

2010 жылдың маусым айынан - «АЭС Өскемен СЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС атқару директоры болды.

Росен Филев

Қазақстандағы АЕS компаниялар тобының бас қаржы директоры

Росен Филев

Қазақстандағы АЕS компаниялар тобының бас қаржы директоры

Росен Филев

Росен Филев Қазақстандағы АЕS компаниялар тобының бас қаржы директоры болып табылады.  Ол өз еңбек жолын 2004 жылы  қаржы сарапшысы лауазымында BG TERM компаниясында бастаған болатын.  10 жылдан астам уақыт бойы түрлі елдердегі AES Корпорациясында қызмет атқарып келеді.  2006 жылдан 2008 жылға дейін  қаржылық жоспарлау бойынша сарапшы/ аға сарапшы, 2009-2012 жылдар аралығында  - АҚШ-тағы АЕS Корпорациясының бюджеттік жоспарлау мен қаржылық сараптама бөлімінің менеджері болып қызмет атқарды.   2012 жылдың наурыз айында Филиппины Азиядағы АES Корпорациясының аймақтық бюджеттік жоспарлау мен қаржылық сараптама бөлімінің директоры лауазымына тағайындалды.  2015 жылдың соңында Росен Филев  Қазақстандағы АЕS  компаниялар тобының бас қаржылық директоры ретіндегі жұмысқа ұсыныс алды.

Росен Болгариядағы Американ Университетінің іскерлік әкімшілік бакалавр деңгейін, Вашингтондағы  Georgetown University қаржы магистрі дәрежесін үздік аяқтаған болатын.