Қауіпсздік техникасы

Қауіпсіздік техникасы

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат

AES компаниясының мақсаты еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника деңгейі бойынша әлемде жетекші компания болу.   Жобалық әдістемеге негізделген денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды басқару басты алғышарттар қатарына енеді. Компания жетекшілігі өндірістің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту және денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды басқару арқылы еңбекті қорғау бойынша көрсеткіштерді жақсартады.

Корпоративті саясат қағидаларына бой түзеп, AES корпорациясы денсаулық қорғау, еңбек және экология қауіпсіздігі саласында өзіне келесі міндеттерді алды:

  • Денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнама талаптары мен корпоративті талаптарды ұстану;
  • Қызметкерлер, жабдық пен қоршаған ортаға кері әсер ететін апаттық жағдайларды болдырмауға талпыну;
  • Денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың корпоративті басқару әдістерін енгізу мен үздіксіз жақсарту;
  • Қызметкерлердің, клиенттер, жабдықтаушылар мен қоршаған орта мүшелерінің қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізетін үздік әлемдік тәжірибелер, халықаралық стандарттар мен инновацияларды енгізу.
  • Жұмыс өндіру мен қызмет көрсеткен кезде біздің серіктестерден денсаулық қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға жауапты қатынасты талап ету;
  • Қызметкерлер мен қоршаған ортаға кәсіпорын қызметінен туындайты кері әсерлерді азайту мен алдын алуға талпыну;
  • Сыртқы мүдделі ортамен ашық та өнімді диалогқа талпыну;
  • Қызметкерлерді денсаулық қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған орта бойынша үздіксіз жұмысқа қатыстыру.

AES корпорациясында қауіпсіздік қағидасында іске асатын өндірістік қызмет – болашақта компанияның сәтті өсуі мен қазірде тұрақтылығы үшін бұл прогресстивті және тиімді стратегия.

  

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау

2008 жылдан бастап Қазақстандағы барлық AES бизнестері денсаулық қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықаралық стандарттарына сай болу OHSAS 18001:2007 нұсқалы және ISO 14001:2004 экологиялық менеджмент жүйелеріне сертификатталған болатын.

2011 ж. барлық электр станциялар ISO 9001:2008 стандарт талаптарына сай болуы сапа менеджменті жүйесі сертификациясын өткен болатын.

Жыл сайын компаниялар OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004, ISO 9001:2008 талаптарына сай екенін дәлелдейді.

Үш жыл сайын басқа елдердегі АЕС кәсіпорындарынан жоғары білікті сарапшылардың қатысуымен корпоративті аудит өтіп тұрады.   Осы аудиттер барысында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сонымен қатар еңбекті қорғау мен қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын береді.  

Кәсіпорындарда ішкі аудиттер өтеді, күн сайын жұмыс орындары мен жұмыстарды қауіпсіз атқаруға қатысты тексерулер өтеді, оған қызметкерлердің 45% қытыстырылады. Ай сайын кәсіпорындарда Қауіпсіздік техника күні өтеді.

Кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасына үлкен назар аударылады. Жұмыс негізгі бес аспектілер бойынша іске асырылады:

  • Превентивті қауіпсіздік деңгейін жақсарту.
  • Ақпараттандыру мен байланысты жақсарту
  • Қызметкерлердің техникалық дайындық деңгейін арттыру, жеке өсу дамуы мен қауіпсіздік техника мен ҚОҚ саласындағы білімдерін оқыту арқылы жақсарту.
  • Мердігер ұйымдар қауіпсіздігін басқару
  • Қызметкерлер мен мердігерлердің қауіпсіз емес жосықтарын жою.

Кәсіпорындағы барлық қызметкерлер толықтай арнайы киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы аяқ киіммен қамтылған.   Әр жұмыс түріне жоғары сапалы, әрі арнайы ЖҚҚ көзделіп, таңдалған.  

Өндірістік бөлмелерде есту мүшелерін қорғау үшін құлақ тығындағыштар салынған бекеттер орнатылған, сонымен қатар көз жанарларына бөгде заттар түскен кезде оны жуу үшін де орындар бекітілген. Ажырату бойынша жұмыстарды атқару кезінде электр қондырғыларда үнемі электр доғадан қорғану костюмдері, қорғаныс құралдары (каска, қолғап, балаклава) ажыратуға қатысатын станция қызмткерлері мен электр цех қызметкерлері үшін сатып алынады. Барлық сатып алынатын арнайы киімнің сапа сертификаты бар.