Түйіндемені жазу бойынша кеңестер

Түйіндемені жазу бойынша кеңестер

Түйіндемені құру бойынша кеңестер жақында оқу орындарын аяқтаған түлектерге арналады. Өмірлеріңізде алғаш рет маңызды жұмысты іздестіріп жатқандарға арналады. Біздер жас іздеушілерге түйіндемені тіпті еш жұмыс тәжірибесі болмаса да, қалайша дұрыс жаза білуге болатынын айтамыз.

Көбіне жұмысқа орналасқан кезде, студенттер өз түйіндемелерінде жұмыс берушіге ұнайтын не жазсам ба екен деп ойланады, әрі артыңда бірде-бір жұмыс тәжірибең болмаса. Түйіндемені қалай дұрыс жазу керек? Нені жазып, не жайлы үндеген жөн деген сияқты

Сонымен, біріншіден, үздік жазылатын түйіндемеде , үміткер болжап отырған нақты лауазымды көрсетеді. Егер сізге бірнеше сала қызықты болса, лауазымдарды үтір арқылы көрсетіңіз, бірақ барлық лауазымдарды жаза бермеңіз!   Одан да өз біліміңіз бен тәжірибеңізге қарай қалаған лауазымдарды көрсетіңіз, «қандай да бір жұмыс» табайын деген оймен емес.

Сонымен қатар түйіндемеде өзіңіз туралы келесі ақпаратты жазу қажет, жасыңыз, отбасы жағдайы және байланыс мәліметтері (егер сіз электронды пошта мекен-жайын ұсыңсаңыз, оны үнемі тексеру қажет, егер ұялы телефон нөмірін берсеңіз, онда оны өшірмеңіз). Отбасы жағдайына келетін болсақ, шын мәнін көрсетудің қажет жоқ (мәселен , сіз азаматтық некеде тұрып жатсаңыз), ал тек қана сіздің төлқұжат мәліметтеріне сай келетін ақпаратты ғана жазу керек.  

Сөзсіз, түйіндемеде үміткердің алған білімі туралы ақпарат болуы тиіс. Негізгі біліміңізді жазыңыз, сонымен қатар үміт артып отырған лауазымға септігін тигізетін курстар мен тренингтер туралы жазыңыз.   Түйіндемеде жақсы негізгі теориялық дайындыққа болашақ жұмыс берушінің назарын аударту қажет (түйіндемеде колледж немесе ЖОО оқыған арнайы пәндерді атауға болады) тәжірибе өткен кездегі тәжірибелік білімдерді атауға болады, дипломмен жұмыс жасаған кездегіні де жазған жөн.

«Жұмыс тәжірибесі» деген тармақта не жазу қажет екен? Егер Сіздің әлі мақтан тұтарлық жұмыс тәжірибеңіз болмаса, бұрындары жұмыс істеген орындарды атай аласыз ( тіпті егер онда Сіз ұзақ уақыт бойы еңбек етпесеңіз де). Сіз тәжірибеден өткен компанияны атай аласыз. Солайша Сіз өзінің болашақ бастығыңызға қаншалықты еңбекқор адам екеніңізді көрсете аласыз.

Егер тәжірибе немесе/ және машықтану бір айдан астам уақыт жалғасса, ол ақпаратты «кәсіби тәжірибе» қатарына енгізуге болады, ол кездерді бұрыңғы жұмыс орны ретінде көрсете аласыз. Міндетті түрде анықтаңыз: басы/аяғының мерзімі, ұйымның нақты атауы, лауазым (жақшада «машықтану» немесе «өндірістік тәжірибе» деген тікелей еңбек міндеттерін атқару мен нәтижелерге қол жеткізу.  

Әлбетте, тіл білу деңгейі мен компьютерлік бағдарламаларды білу деңгейін жазыңыз. Бұл Сіздің артықшылығыңыз бола алады.

Міндетті түрде тағы бір тармақ жазылуы тиіс, «үміткердің жеке артықшылықтары». Өзіңізді суреттеуден бұрын, бірнеше түрін көрсетсеңіз. Мәселен, басқарушы үшін мақсатқа бағыттау, қызметкерлер бойынша менеджерге адам психологиясын білу, бухгалтер үшін – ақпараттың үлкен ағымы мен басқасына ие болу.