«АЭС Согра ЖЭО» ЖШС-тың 2016 жылғы қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік техника бойынша есебі

«АЭС Согра ЖЭО» ЖШС-тың 2016 жылғы қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік техника бойынша есебі

20.02.2017
Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника бойынша мәліметтері

Компания қағидаларына сай Қауіпсіздік бірінші орында тұрады. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника бойынша жұмыстарға Кәсіпорында үлкен көңіл бөлінеді.

2016 жылдың маусым айында «АЭС Согра ЖЭО» ЖШС дайындық жасап, кезекті қадағалау аудитін Бюро Веритас (Германия) халықаралық сертификаттау мен қадағалау компаниясында OHSAS-18001 қауіпсіздік менеджменті стандартына сай болуын сәтті өткізіп, оның қорытындысы бойынша «АЭС Согра ЖЭО» ЖШС OHSAS-18001 сай келу сертификатымен бекітілді (бақылау аудиті жыл сайын өтеді).

«АЭС Согра ЖЭО» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің бірі Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология қызметі болып табылады, оның қызметкерлері тазалық, еңбек пен экология қауіпсіздігін сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы мен АЕС стандарттарын Кәсіпорында ұстануды қадағалайды. 

Кәсіпорында Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, қолданыс табады, ол ұстану әрекеті кезінде қадағаланады, 2016 жыл жоспарының іс-шаралары қызметкерлермен жұмыстың түрлі әдістері арқылы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника бойынша мәдениетті арттыруға бағытталған.

Кәсіпорын шолулар мен жұмыс орындарын тексеруді жиі қолданады, оның барысында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника талаптарының атқарылуы қадағаланады. Ескертулер анықталған кезде түзету мерзімдері мен соған жауапты тұлғалары белгіленген іс-шаралар жоспары құрылады. Бұл әдіс тиімді қолданыста. 

«АЭС Согра ЖЭО» ЖШС барлық қызметкерлері арнайы киім, арнайы аяқ киім, арнайы тамақ, құралдар мен әбзелдермен қамтылады. Міндетті түрде үнемі медициналық тексерулерден өтеді, бірінші көмек көрсету, қызметкерлермен жұмыс және ауысым алды қызметкерлерді тексеру үшін тәулік бойғы медициналық бекет ұйымдастырылған болатын. 

Кәсіпорын өз қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай қажетті білім береді. 2008 жылдан бастап Өскемен қаласында орналасқан AES корпорациясымен құрылған корпоративті білім беру орталығы қызмет атқарады. Осы корпоративті білім беру орталығының ұстаздар құрамы мен білім беру бойынша арнайы бағдарламалары бар, оған еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникамен байланысты курстар да енеді.

 2016 жылғы білім беру       Саны
Корпоративті білім беру орталығы/мамандандырылған білім беру мекемесі негізінде еңбекті тазалығы мен қорғау және т.б. саладағы білім беру/қайта даярлау курстары 138 адам/курс 
Төтенше жағдайлар кезіндегі, атап айтқанда өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу мен әрекет етудегі кадрларды оқыту мен қайта даярлау 49 адам

2016 жылғы қауіпсіздік техника статистикасы
 Өліммен аяқталған жағдайлар  Саны:0
Толықтай жұмыс уақытын жоғалтқан жазатайым оқиғалар саны  (көлік құралдарына да қатысты)  Саны:1
Жазатайым оқиғалар нәтижесінде жоғалтқан жұмыс күндері     Саны:141
2016 ж. атқарылған адам-сағат саны Саны: 411 600 адам сағ 
Есеп берудің алдыңғы мерзіміндегі жазатайым оқиғалар жиілігі:  Саны: 0,00001
[Жиілігі=жоғалтқан жалпы жұмыс күндер саны/жалпы атқарылған сағат саны] 

2016 жылы жергілікті қадағалау органдарымен еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника бойынша инспекциялар жүргізілмеген еді.

1) Көгалдандыру

Жыл сайын кәсіпорында көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Осылайша,  2016 жылы 30 шырша отырғызылып, ол кәсіпорынның С33 шекарасына жағымды әсер етеді. 

2) Өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу

Кәсіпорында күл-қож қалдықтарына мониторинг жүргізіледі.  Кәсіпорында жиналатын басқа да қалдықтар уақытша жабық құтыда арнайы орындарда сақталып, не болмаса мамандандырылған ұйымдармен келісім-шартты негізде шығарылып, немесе жойылады,  өз қазандық агрегаттарымызда отын ретінде қолданылып, мониторингқа жатпайды. 

3) Тазарту құрылыстары енгізу

2010 жылы кәсіпорында балансқа жоғарғы ағысты (жаңбыр және кәріз сулары) тазалау бойынша тазарту құрылыстары алынған болатын. Тазарту құрылыстарының жобалық қуаттылығы – 53, 5698 мың. м3/жылына. Тазартудың жобалық тиімділігі: салмақты заттар бойынша – 92,1%, мұнай өнімдері бойынша  - 95,8%.

2014 жылы №76 шығыста химсутазартудан өндірістік ағын суларының тазарту құрылысының орнатылуы аяқталды.  «Векса -10- М» тазарту құрылысын орнату көзделген, ол ағын, өндірістік жаңбыр және суару ағын суларына арналған. Тазарту құрылысының жобалық қуаттылығы – 200 мың. м3/жыл.

4) Эмульгаторларды орнатумен күлұстағыштарды қайта жаңғырту

2012 мен 2014 жылдар аралығында заманауи шаңгазтазарту жүйесі  (екінші деңгейлі эмульгаторлар) №2, №3 және №1 қазандықагрегаттарда орнатылған. Осылайша, 2015 жылдың басына қарай Согра ЖЭО заманауи шаңгаз жабдығын орнатуды аяқтады, ол күлұстағыш КПД  99%-ға қол жеткізуге мүмкіндік берді

.


5) Жану қондырғыларын жаңарту

2010 мен 2012 жылдар аралығында БКЗ-160-100 Фб ст.№ 1, 2 және 3 қазандықагрегатта қоршаған ортаға әсерін азайту мен технологиялық үрдістерді автоматты басқару жүйесін енгізумен қазақстандық көмірмен жұмыс жасау кезінде бу өндіргіштігін арттырумен жаңартылған болатын.

6) №3 күл үйіндісі қолданысқа енгізілді

2004 жылы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен Өзаратүсіністік туралы меморандумға сай №3 күл үйіндісі қолданысқа енгізілді, жалпы аумағы 16,12 гектар. Жобалық қолданыс мерзімі  – 10,8 жыл. Күл үйіндісі толық суайналымда жобаланған, яғни тұндырылған су гидроқожкүл жою қажеттіліктері үшін өндірістік мақсаттарда қолданылады. №3 күл үйіндісінен шығарулар жоқ. Жерасты көкжиектерін қорғау «SOLMAX» (қалыңдығы 1 мм полисинтетикалық геомембрана, күл үйіндісі түбінде жылтыр, жан-жағынан қыртысты)канадалық фирма сүзгіштікке қарсы экран көмегімен жасалған.  №3 күл үйіндісіне күл-қож қалдықтарын беру күл-қож жою айналымды жүйесі бойынша қойыртпақ ретінде іске асады. Күл-қож қалдықтарының химиялық құрамы зерттеліп, бекітілген тәртіпте жіктелген. 2015 жылы №3 күл үйіндісін 2019 жылға дейін қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігін орнатқан жобалық жұмыстар жүргізілді.  


7) Жоғары концентрациялы шаң беру жүйесі енгізілді

2003 жылы жоғары концентрациялы шаң беру жүйесі  (ПВКд)  БКЗ-160-100 ФБ ст.№1 қазандықагрегатта енгізілді, бұл атмосфераға азот қышқылдарын бөлуді 20%-ға төмендетті;

Қоршаған ортаны қорғау бойынша бас көрсеткіштер мен олардың мәндері орнатылған шектеулермен жиынтық кестеде көрсетілген.

 Эмиссиялар Өлшем бірлігі  2016 жыл Лимит
 Құрамында 70-20% кремний екі қышқылды органикалық емес шаң тонна 257,872  452,564 
 Күкірт диоксиді   тонна 1542,368 2165,03 
 Азот тотығыштары  тонна 691,17   1061,87 
 ЗШО    тонна     29906.917      48698.8  
 CO2 (бу газдары)    тонна   405,8  -

Қоршаған орта бойынша заңнама мен нормаларға сай келуі

Жылу элеткр станцияларының қазандықтардағы түрлі отындарды жағу кезіндегі қоршаған ортаға бекітілген қалдықтар көлеміне қалдықтардың жергілікті стандарттарын ұстанады. Құрамдастың бірі бойынша жалпы шығарынды (мазут күлі) жыл қорытындысы бойынша орнатылған шектен асып түсті. Бұл бұзушылық туралы ШҚО Экология департаментіне хабарланған еді. 2016 жылы айып-пұл санкциялары қолданылмады.  Бұл артықшылықы ПДВ жобасымен ескерілгеннен мазут көлемі артық қолданғаннан болып отыр.  2016 жылы гидрокүл жою құбырларында соқпа нәтижесінде заңсыз күл-қож қалдықтары орналасқан.  1 873 993 теңге көлемінде нұқсан төленген. 2016 жыл бойы зақымданған учаскелерді айырбастау бойынша іс-шаралар жүргізілді.


Возврат к списку