AES ҚКЖ-ға жылу станцияларын сату туралы келісімге қол қойды

AES ҚКЖ-ға жылу станцияларын сату туралы келісімге қол қойды

07.04.2017

AES Корпорациясы (NYSE: AES) және «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» ЖШС (ҚКЖ) бүгін АЕS компаниясына тиесілі Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО активтерін КҚЖ компаниясына сату туралы жариялады.  Мәміле Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополиялар, бәсекелестік және тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша комитетпен мақұлданған болатын.

Бұл мәміле АЕS  жаһанды портфелін тепе-теңестіру бойынша жаһанды стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Соңғы  20 жылда AES Қазақстанда сенімді инвестор болып, біздің тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін берік, қолжетімді энергетикалық және инфрақұрылымдық қауіпсіз шешімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар білімге, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаға бағытталған әлеуметтік жобаларға инвестициялау жолымен үнемі әлеуметтік жауапты компания болуға талпынады. 

«AES аймақта екі гидростанцияны қолдану арқылы Қазақстанның энергетикалық секторында өз жұмысын жалғастырмақшы. Қазіргі уақытта біздер осы гидростанциялар концессияларын ұзарту бойынша Қазақстан үкіметімен келіссөздер жүргізіп келеміз, - деді АЕS еуропалық стратегиялық бизнес бөлімшесінің президенті Марк Грин. - AES қазірдің өзінде EХРО-2017 көрмесін қолдау міндеттемесін өзіне жүктеді, бұл осы жылы Қазақстанда өтетін маңызды жаһанды іс-шара».

372,5 МВт орнатылған электр қуаттылығы мен  881,7 Гкал/сағ жылу қуаттылығы бар Өскемен ЖЭО Шығыс Қазақстан облысының ірі электр энергия өндірушісі  болып табылады.  Станцияда 515 адам қызмет атқарып келеді. Станция ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға жылу энергиясын жеткізіп, қаланың тұрғын үй- коммуналды секторының 80% салмағын жабады. 2016 жылдың қараша айында қуаттылығы 120 МВт жаңа №12 турбоагрегат іске қосылған болатын.  Бұл инвестициялық жоба Қазақстанның электр энергетика секторында ірілердің бірі бола тұра, станцияның генерация көлемін ұлғайтумен қатар, Шығыс Қазақстанда энергия тапшылығын қысқартуға үлес қосты да оның беріктілігі мен тиімділігіне әсер етті. 

Согра ЖЭО Жаңа Согра, Радужный, Солнечный елді мекендерінде 4000 жуық тұтынушыларды жылу мен ыстық сумен қамтиды.  Бұдан басқа Согра ЖЭО Өскемен ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін электр энергия жеткізеді.  Станцияда 240-тан астам жоғары білікті жерілікті мамандар қызмет атқарады.

 

AES Корпорациясы туралы

AES Корпорациясы (NYSE: AES) Fortune 200 жаһандық энергетикалық компания тізіміне кіреді. Корпорацияға түрлі энергия үйлестіруші және энергия өндіруші компаниялар тиесілі, соның арқасында  біздер әлемнің 17 елінде тұратын халыққа сенімді және қол жетімді энергия жеткіземіз. 19 мың адамнан құралатын біздің жаһанды ұжымымыз өндірістік қызметте және әлемде өзгеретін энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруда кемелділікке талпынады. Корпорацияның 2016 жылғы кірісі 14 млрд АҚШ долларын құрайды, ал иелікте немесе басқару астындағы активтер көлемі 36 млрд. АҚШ доллары шамасында. Қосымша ақпаратты сіздер  www.aes.com  немесе Twitter @TheAESCorp сайттарынан біле аласыздар.

 

ҚКЖ туралы

«Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» ЖШС — Қазақстан Республикасының аумағындағы энергетикалық секторындағы сәтті компания. ҚКЖ тобы Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында бар.

Холдинг энергетика саласындағы мемлекет саясатына жауап беретін өзінің Даму стратегиясын дайындап, іске асырады. ҚКЖ дамуының негізгі факторлары: қолда бар активтерді жаңарту, жаңа электр желілер құрылысы, өндіруші және энерготасымалдаушы қуаттылытарды кеңейту, сонымен қатар сату компанияларының тұтынушыға бағыттаушылығы.

 «ҚКЖ» ЖШС электр және жылу өндіру дивизионына Қарағанды қаласының екі ЖЭО-сы кіреді  – ЖЭО-1 және ЖЭО-3. Өткен жылы Қарағанды ЖЭО-3 инвестбағдарлама шенінде жаңа энергоблок іске қосылған болатын, ол жиырма бес пайызға электр және жылу энергиясын артық өндіруге мүмкіндік берді. Бұл оқиға бар аймақтың экономикасының дамуына жаңа түрткі болды. Станция қуаттылығын арттыру Қарағанды аумағында жаңа энергоауқымды өндірістер орнатуға мүмкіндік берді.  Орта және шағын бизнестер де қосымша энергетикалық қолдауға ие болды. Қосымша енгізумен Қарағанды ЖЭО-3 670 МВт қуаттылыққа шықты. Бүгінде ол республиканың ірі ЖЭО-сы болып табылады.  

Өзінің артықшылығы ретінде «ҚКЖ» тобы өзінің өндірістік нысандарында инновациялық шешімдер қолдану, ғылыми, жаңашылдық әдіс пен энергетикалық шығындарды оңтайландыруды көздеп отыр. Бұл «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» холдингісіне кіретін барлық еншілес ұйымдарға да  толықтай қатысты.

Солайша, «Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерін қолданумен мамандырылған ол жаңа ірі подстанцияларды іске қосып, ақтық тұтынушыға дейін бақылау мен есептеудің автоматты жүйесін  (АСКУЭ) енгізді.  Электр қамтудың берік жүйесін құру мен қамтамасыз ету үшін трансформаторлар, сыртқы электр желілер жаңартылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Шығыс Қазақстан облысында энергияны тасымалау мен үйлестіруге бағытталған,  ол қосу нүктелерін тез арада анықтау үшін техникалық шарттарды беру мақсатында деректер мен тұтынушылар автоматты жүйесін (АСБИП) енгізді. Жаңа подстанциялар, Шымкент қаласы мен оның маңындағы жаңа ықшамаудандарды энергиямен қамту үшін электр тасымалау сымдары қатарға енгізіліп келеді.  Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкенттегі еншілес сату ұйымдарында жаңа байланыс орталықтары ашылды.  Бұл компания қыметкерлері мен тұтынушылар арасында байланысты жақсартуға септігін тигізді.Тұтынушылар деректемесі кеңейтіліп, коммуналды қызметтің барлық түрлерінің жеткізушілері бойынша «Бірыңғай биллинг жүйесі» енгізілді.  

«Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» компаниялар тобында шамамен 11 мың адам қызмет атқарады.  Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі  2016 жылы «ҚКЖ» ЖШС «ВВ-» деңгейіндегі шетел және ұлттық валютадағы эимитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингісін дәлелдеді. Сонымен қатар агенттік отандық ұлттық энергетикалық компаниясына «ВВВ+(kaz)» ұзақ мерзімді рейтингісін табыстады. Рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

 2016 жылы «Қазақстандағы №1 таңдау» Халықаралық фестиваль-сайыс барысында  «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» ЖШС  «2016 жылғы Қазақстандағы №1 энергетикалық компания» деп танылды.

Бүгінгі күнде «Қазақстандық коммуналдық жүйелерi» ЖШС Қазақстанның ірі энергетикалық компанияларының бестігіне енеді.    

 

БАҚ үшін байланыс:

AES: Николай Пейчев, M: +31 (0) 630407976, E: nikolay.peychev@aes.com

ККС: Азамат Сыздыков, М: +7 775 333 40 26, E: a.syzdykov@kus.kz


Возврат к списку