Өскемен СЭС-те №2 гидроагрегаттың жаңартылуы аяқталды

Өскемен СЭС-те №2 гидроагрегаттың жаңартылуы аяқталды

10.05.2017

Сәуір айының соңында Өскемен гидростанция ұжымымен 2015 жылдың күзінде бастау алып,  өткен жаңартудан соң №2 гидроагрегат жабдығын кешенді сынақтан өткізу сәтті өткен болатын. Қазіргі таңда гидроагрегат бақылау асты қолданысқа енгізілді. 


Жаңарту жобасына гидрогенератор айырбастау, гидротурбинаның жұмыс дөңгелегін, сонымен қатар арттыру трансформаторларын ауыстыру енген болатын. Бұдан басқа заманауи гидроагрегатты автоматты басқару жүйесі, оқшау мониторинг жүйесін,гидротурбина арқылы өтетін  ультрадыбыстық су шығынын бақылау жүйесі енгізілді. Электр машиналық қоздыру жүйесі статикалық тиристорлы жүйеге ауыстырылған болатын. Жобаның құны 3 миллиард теңгеден астам болды.


Өскемен СЭС атқарушы директоры  Юлия Курий : «Жаңарту жобасының жоспарланған мерзімге сай аяқталуының арқасында №2 гидроагрегат бірінші күннен бастап жұмысқа көктемгі тасқынға қосылып барынша салмақта қызметін атқарғанына біздер қуаныштымыз.  Өткізген жаңартудың негізгі нәтижесі жабдықтың беріктілігін нығайту ғана емес, сонымен қатар станция қуаттылығын арттыру. Жаңартудан соң №2 гидроагрегаттың бірліктік қуаттылығы  91МВт-қа дейін артты, одан бұрын  82МВт болатын» деп атаған болатын.



Қосымша ақпарат

AES  Корпорациясы Fortune 200 жаһандық энергетикалық компания тізіміне кіреді. Корпорацияға 17 әлем елінде орналасқан түрлі энергоүйлестіру және энергия өндіруші компаниялар кіреді, солардың арқасында біздер сенімді энергияны жеткіземіз. 19000 адамнан құралатын біздің жаһанды ұжымымыз әлемде өзгеретін энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында операциялық кемелділікке талпынады. 

AES энергияны шоғырландыру саласындағы коммерциялық шешімдердің әлемдік көшбасшысы болып табылады, қолда бар инфрақұрылымдардан құндылықтарды алып, энергия жүйесінің иілгіштігі мен беріктілігін арттырып, соған қоса клиенттерге дәстүрлі генерацияға балама ұсынуда.


Возврат к списку