Қазақстандағы AES компаниялар тобы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр энергия үшін төлейтін болады

Қазақстандағы AES компаниялар тобы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр энергия үшін төлейтін болады

10.05.2017

Зейнетақыны төлеу бойынша Мемлекеттік Орталықтың мәліметтері бойынша қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында шамамен Ұлы Отан соғысының 390 ардагері өмір сүреді.  Бұл қатарға ұрыс қатысушылары мен мүгедектер, блокадалық Ленинград тұрғындары, бұрыңғы концлагерь тұтқындары мен Ұлы Отан соғысының майданында қайтыс болған жауынгерлер жесірлері де кіреді.  


Жеңістің 72-жылдығына орай «Шығысэнерготрейд» ЖШС абоненті болып табылатын әр ардагер шамамен  600 кВт*сағ сыйлыққа алады.  Сәуір, мамыр, маусым  - үш ай бойы  Қазақстандағы AES компаниялар тобы ардагерлердің жеке шоттарына 2500 теңгеден аударатын болады. 


Зейнетақыны төлеу бойынша Мемлекеттік Орталықтан алынған және  облыстық Ардагерлер кеңесімен келісілген тізім электр энергия есептеу бойынша мәліметтер базасындағы жеке шоттармен сәйкестендірілген. Дәл сол шоттарға Қазақстандағы АЕS компаниялар тобына түсетін қаражаттар аударылатын болады. 2017 жылдың сәуір айынан маусым айына дейін хабарландыру-шоттарда «Қазақстандағы АЕS компаниялар тобымен төленген» деген жазу тұратын болады. 


«Науқанды 7 жыл бұрын бастаған сәттен бері ардагерлерге электр энергия үшін төлеу біздер үшін маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болды, - деп атады Қазақстандағы АES компаниялар тобының президенті Дүйсен Мерғалиев. –Сезімімізді білдіретін ондай сөздер жоқ, барлық ардагерлерге ризашылығымызды білдіретін ондай сыйлықтар да жоқ, олар бізге ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлағандар».


Дәстүрге айналған науқан, AES компаниясымен 2010 жылдан бері «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің қолдауымен ұйымдастырылып келеді.  


Электр энергия үшін төленетін ұрыс қатысушылары мен Ұлы Отан соғысының мүгедектері, блокадалық Ленинград тұрғындары, бұрыңғы концлагерьдің кәмелетке толмаған тұтқындары мен Ұлы Отан соғысының майданында қайтыс болған жауынгерлер жесірлерінің аты-жөндерін Қазақстандағы AES компаниялар тобының сайтында  www.aes-group.kz  анықтауға болады - https://aes.box.com/s/wjgya868h85dudzf8f68gnp5ol8p8a0o.



Корпорация туралы
AES  Корпорациясы Fortune 200 жаһандық энергетикалық компания тізіміне кіреді. Корпорацияға 17 әлем елінде орналасқан түрлі энергоүйлестіру және энергия өндіруші компаниялар кіреді, солардың арқасында біздер сенімді энергияны жеткіземіз. 19000 адамнан құралатын біздің жаһанды ұжымымыз әлемде өзгеретін энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында операциялық кемелділікке талпынады. 2016 жылы біздің табысымыз 14 млрд. АҚШ доллары болса, иелікте немесе басқару астындағы біздің активтер көлеміміз 36 млрд АҚШ долларын құрайды.  Қосымша ақпаратты сіздер  www.aes.com сайтында немесе  Twitter @TheAESCorp таба аласыз. 


Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Қазақстандағы  AES компаниялар тобыныңқоғаммен байланыс директор  Светлана Нищенкоға жүгіне аласыздар, тел.: 8 (7232) 56-96-96 (5701 ішкі), эл.пошта: pr.kazakhstan@aes.com.


Возврат к списку