AES-GIZ бірлескен жобасы бойынша қорытынды іс-шара Өскемен қаласында өтті.

AES-GIZ бірлескен жобасы бойынша қорытынды іс-шара Өскемен қаласында өтті.

08.09.2017
AES-GIZ бірлескен жобасы бойынша қорытынды іс-шара Өскемен қаласында өтті.

2017 жылдың 6 қыркүйегінде Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде (ШҚМТУ) AES-GIZ бірлескен іс-шарасы өтті. Іс-шараны Қазақстандағы AES Group және GIZ ұйымдастырып, жобаның барлық серіктестерін біріктірді, соның ішінде ШҚМТУ, Өскемен политехникалық колледжі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, Үлбі металлургиялық зауытынан және Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық компаниясынан (KEGOC) қонақтар болды.

Іс-шараның басты мақсаты 2015 жылдың сәуір айында іске қосылған сәттен бастап қол жеткізілген жобаның нәтижелерін көрсету болды. Сөз сөйлеушілер әсіресе жобада арнайы әзірленген қауіпсіздік техникасы және энергия тиімділігі жөніндегі екі оқу құралының мәселесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге энергия тиімділігі негіздерін оқыту мен тестілеуге бағытталған бойынша алғашқы ойын түрі - «Синергия» интерактивті ойынына арналған тұсаукесері бөлек өткізілді.

Жоба үйлестірушісі Олеся Богунның айтуынша: «Өткенге жүгінсек, Шығыс Қазақстанда жұмыс орнында қауіпсіздікті және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тұрақты даму жобасы сәтті жүзеге асырылғанын көріп отырмыз.  Бұл жоба, AES қызметкерлері мен мердігерлеріне, тау-кен және металлургия өнеркәсібі  қызметкерлеріне, сонымен қатар, жергілікті билік органдарына, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі және Өскемен қаласының Политехникалық колледжіндегі инженерлік мамандықтардың оқытушылары мен түлектеріне пайдалы болды».
AES Қазақстан атынан сөз сөйлеген, ЕҚ және ТҚ директоры Марат Махамбетов: «Мен жемісті ынтымақтастық және қолдау үшін GIZ өкілдеріне алғыс айтқым келеді! Біздің бірлескен жобамыз Шығыс Қазақстанда ғана емес, бүкіл республикамыздағы энергетикалық сектордың пайдасы үшін жұмыс істейтін құзыретті мамандар түрінде тұрақты нәтижелер әкелетініне сенімдімін».

develoPPP.de (GIZ) жобасының менеджері Юлия Баженова атап өткендей: «Біздің өңірлік тұрақты даму бойынша бірлескен GIZ-AES жобасы: жұмыс орнындағы қауіпсіздік және энергия тиімділігін арттыру» 2015 жылдың сәуір айында басталып, соңғы кезеңіне келіп жетті. Біздің бірлескен жобамыз шеңберінде еліміздің кәсіптік білім беру саласындағы оқу орындарының білім беру бағдарламасына Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындарда қауіпсіздікті және энергия тиімділігін арттыру мәдениетін дамытуға және жұмыс орнында энергия тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша оқытуды интеграциялауға жедел көмек көрсетілді. AES жеке серіктесімізбен және Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Өскемен политехникалық колледжінің қолдауымен біз техникалық мамандар, оқытушылар, мұғалімдер мен жергілікті билік органдарының жергілікті қауіпсіздігінің және энергия тиімділігінің әлеуетін дамытуда тамаша нәтижелерге қол жеткіздік. Осымен жұмыс орынындағы қауіпсіздік және энергия тиімділігі сұрақтары бойынша, Қазақстанға қолдау көрсеттік.

AES және Германияның халықаралық ынтымақтастығы серіктестігі (GIZ) GmbH Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігінің (BMZ) бағдарламасы develoPPP.de құрамына кіреді. Қазақстандағы AES компаниялар тобы және GIZ жұмыс орнының қауіпсіздігі мен энергия тиімділігі бойынша кәсіби даярлықты әзірледі, олар тек энергетикалық сектор үшін ғана емес, тау-кен, металлургиялық және басқа салалар үшін қажет болды. Бұдан басқа, жобаға Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Өскемен политехникалық колледжі қатысты, олар үшін AES және GIZ компаниялары университеттің әлеуетін дамытудың ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттыру мақсатында академиялық оқу бағдарламаларын жетілдіруге үлес қосты.


Возврат к списку